Алматы, BAQ.KZ. Әлемнің тағы бірнеше елінде коронавирус жұқтырғандар анықталды. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.
Коронавирус анықталған елдер қатарында Латвия, Сенегал, Сауд Арабиясы, Тунис, Иордания, Португалия мен Марокко бар. Марокко билігі елдегі ауқымды іс-шаралардың барлығын тоқтатпақ. Оның ішінде 15 халықаралық ауыл шаруашылық көрмесі де бар.
Ал, АҚШ елге кіретіндер үшін қосымша шектеулер енгізбек және қауіпті вирусқа қарсы тұратын вакцинаны жасап шығаруға күш салуда.
Оңтүстік Кореяда жағдай мәз емес. Онда 5 мыңдай адам коронавирус жұқтырған және 28 адам көз жұмды. Тағы 40 мыңдай адам сараптама нәтижесін күтуде. Елде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, мектептердегі сабақ наурыздың соңына дейін шегерілген.
Вирустың Еуропа елдерінде таралуы да жедел жүріп жатыр. Ұлыбритания вирусқа байланысты алаңдаушылық білдіріп, Еуроодақ пен АҚШ-қа қатынайтын әуе рейстерін азайтты.
Ал, Италияда вирус жұқтырғандар саны 2 мың адамға жеткен. Ел билігі азаматтарының өзге елден Италияға оралғандары инфекцияны әкеп жатыр деген мәлімдеме жасауда.
Өткен тәулікте әлем бойынша вирусты 2 мың адам жаңадан жұқтырғаны анықталған. 80 адам көз жұмған.