Коронавирус белгісі білінбейтін науқастар қалай емделеді?

8 Маусым 2020, 16:44
3799
Бөлісу:
Коронавирус белгісі білінбейтін науқастар қалай емделеді?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров ауру белгісі білінбейтін науқастарға қандай шара қолданылып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, вирус жұқтырғандардың 70%-ында ауру белгілері білінбейді екен. 

Елімізде науқастарды емдеудің арнайы қаулысы қабылданған. Вирус жұқтырғандарды емдеудің нақты белгісі әлі қарастырылмаған, әр жерде әрқалай ем жүргізуде. Онымен қазір әлем ғалымдары жұмыс істеп жатыр. Сондықтан вирустың белгісі білінбейтін науқастарға қатысты ешқандай ем қолданылып жатқан жоқпыз. Олар дәрігерлердің ерекше бақылауында, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол вирус жұқтырған дәрігерлерге төленетін өтемақы жайлы айтып өтті.

Қазір дәрігерлер үстемеақыны ай сайын алып келеді. Ал коронавирус жұқтырған қызметкерлерге берілетін өтемақы жайлы айтсақ, ол бойынша арнайы комиссия құрылған. Қазір олар тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр, соның нәтижесінде кімге берілетінін белгілі болады, - деді Қамалжан Надыров.

Сөз арасында ол қала тұрғындарына вирустың таралуы әлі сейілмегенін хабарлап, қауіпсіздік шараларын ұстану қажеттігін айтты.

Қалада карантин шаралары жеңілдетіліп, бизнес қайта жұмыс істей бастады. Дегенмен, қауіпсіздік шараларын да ұмытпаған жөн. Біріншіден, маска киіп, қолды үнемі антисептикпен сүртіп отыру керек. Одан бөлек, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау қажет. Бұл қарапайым нормалар, алайда ол қаламызда коронавирус инфекциясының таралу қатерін анағұрлым төмендетуге көмектеседі. Қазір вирустың тез тарауына байланысты кейбір облыс шектеу шараларын күшейтіп жатыр, бізде де сондай жағдай болмас үшін сақтық шараларын ұстанғанымыз дұрыс, - деді ол.
Бұған дейін Камалжан Надыров брифинг барысында карантин кезінде жедел жәрдем қызметіне жүгінгендер көрсеткіші азайғанын, сонымен қатар жақын арада қаланың барлық стационарында бас дәрігердің инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары лауазымы енгізілетінін мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы