Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А.В. Цой елдегі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінің қызметі халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, атап айтқанда қажетті тест, дәрі-дәрмек, жеке қорғаныс құралдарын ұсынуға, медициналық кадрлармен қамтамасыз етуге және т. б. бағытталғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, эпидемиялық қауіпсіздігі, алдын алу іс-шараларын өткізу, диагностика және емдеу (амбулаториялық деңгейде дистанциялық кеңес беруді енгізу, үйде медициналық көмек көрсету, ИВЛ стационарларын аппараттармен жабдықтау, мобильді бригадаларды ұйымдастыру және т.б.) туралы халықты ақпараттандырудың өзектілігі туралы атап өтті.
Министр пневмокк вакциналарын пневмонияның ауыр түрлерінің алдын алу, инфрақұрылымды дайындау, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық жабдықтардың, кадрлық және қаржылық ресурстардың қорын қалыптастыру үшін тиімді пайдаланудың маңыздылығы туралы хабарлады. Бұл бастамаларды ДДҰ-ның Еуропалық бюросы және талқылауға қатысушылар толық мақұлдады.
Пікірталастың соңында елдер COVID-19 жағдайын сауықтыруға бағытталған тұрақты пікір алмасуға, ахуал мониторинг жүргізуге және қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалауға қолдау көрсетті.