Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавируспен ауырғандардың шамамен 14% коронавируспен қайта ауырып қалған.
Қытай билігі бұл адамдардан коронавирус жұқпайды деп мәлімдеді.
Нақтырақ айтсақ, мұндай мәлімдемені 28 ақпанда ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің өкілі Го Яньхун жасады. Қытайдың бірнеше провинциясында ауруханаға жүгінгендердің арасында коронавирус қайта анықталып жатыр. Бұл науқастарды қарағаннан кейін коронавирусты тарату белгілері анықталмады, - деді Яньхун.