Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Pro Team Қазақстанның кәсіби велокомандасы COVID-19 коронавирусының кең таралу қаупіне байланысты жарыстан он бес күнге шықты. Бұл туралы велокоманданың ресми сайтында жарияланды.
"Астана" велошабондаздары 20 наурызға дейін жарысқа қатыспайды және италиялық "Страде Бьянке" және "Тиррено – Адриатико", сондай-ақ франциялық "Париж – Ницца" жарыстарға шықпайды.
Әрине, біз алдағы барлық жарысқа қатысқымыз келеді. Бірақ дәл қазір ең бастысы – қауіпсіздік. Алдымызда өте маңызды бірнеше жарыс бар, ұзақ маусым күтіп тұр, - деп жазды "Астана" командасының бас менеджері Александр Винокуров.