Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында COVID-19 инфекциясы расталған әйел, салмағы 3660 грамм дені сау баланы дүниеге әкелді.
2000 жылғы туған пациентте 24 сәуір күні COVID-19 инфекциясы анықталып расталғаннан соң, сол күні аталмыш пациент ер баланы дүниеге әкелді. Босану - КВИ расталған пациенттер үшін арнайы жабдықталған хирургиялық араласу мен әйелдерді босандыруға арналған хирургиялық-акушер госпиталында қабылданды - делінген Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.
Алгоритмге сәйкес нәрестеден анализ алынды, нәтижесінде теріс көрсеткіш анықталды. Қазіргі уақытта ана мен нәрестенің денсаулығы бірқалыпты, тұрақты. Пациент инфекциялық стационарға ауыстырылып, нәресте дәрігерлердің бақылауында болады.