Коронавирус: Алматыда бір науқас көз жұмды

16 Сәуір 2020, 15:20
1042
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда бір науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтының хабарлауынша, науқас 1960 жылғы науқас қайтыс болған.

Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. 1960 жылы дүниеге келген. Еліміз бойынша барлығы 17 адам қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, коронавирустан көз жұмған адам ауруханаға 8 сәуір күні жатқызылған.
Алматыда коронавирустық инфекция расталған тағы бір пациент көз жұмды. Ол 1960 жылы туған пациент. 8 сәуірден бастап жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясының (организмнің әлсіреуі) туындауына байланысты ауыр халде Орталық қалалық клиникалық ауруханасының провизорлық бөлімшесінде емдеуде болды. Алынған талдаулары оң нәтиже берді, - делінген хабарламада.

Бүгін қалада жаңадан 23 жағдай тіркелді. Оның ішінде Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 медицина қызметкері, 22 адам індет жұқтырған адаммен байланыста болғандар.

Қазіргі таңда Алматыда емдеуден шығарылған адамдардың саны - 61.

Ифекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке ала отырып, Covid-19-дан 330 пациент емделуде.

Провизорлық госпитальдарда 368 адам, оның ішінде 7-уі бала, карантиндік оқшаулауда – 426, үй карантинінде – 7288 адам.


Өзгелердің жаңалығы