Коронавирусқа ресми атау берілді

12 Ақпан 2020, 13:17
2457
Бөлісу:
Коронавирусқа ресми атау берілді

Алматы, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңадан тарап жатқан коронавирусқа Covid-19 деген ресми атау берді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Женевада өткен баспасөз мәжілісінде ДДҰ-ның басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Ухань қаласында тараған эпидемиялық вирус  Covid-19 немесе "жаңа вирус" деп аталғанын мәлімдеген.

ДДҰ-ның ұсынысы бойынша, қауіпті вирусқа атау беру кезінде жер атауынан, жануар және тағам атауларын қолданбаған жөн. Бұл белгілі бір аймақтың экономикасына және адамдарына жағымсыз әсер қалдырмас үшін қажет. 

Қазіргі күні Қытайдағы қауіпті індеттен көз жұмғандар саны мыңнан асты. Ел билігі қызметін дұрыс атқармағаны үшін Хубэй провинциясындағы денсаулық сақтау комиссиясының партиялық хатшысын жұмыстан шығарған. 

Сонымен қатар, Қызыл крест ұйымының жергілікті бөлімше басшысының орынбасары да жұмыстан қуылған.

Өзгелердің жаңалығы