Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Теңізшевройл" компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, "Теңізшевройл" жұмысшылар арасында коронавирус инфекциясын таратпау жөнінде шараларды жалғастырып жатыр.Бұған дейін компанияның қосалқы мердігер мекемесі қызметкерлері арасында қауіпті инфекция жұқтырған жағдайы тіркелген еді. Осыған байланысты ТШО алдағы бірнеше апатада жұмыс қарқынын төмендетіп, жұмысшылар санын азайтуды көздеп отыр. Жұмыс қарқыны мен қызметкерлері санын уақытша азайту базалық өндірісті және алдағы жоспарға әсер етеді. Базалық жұмысқа тоқталсам, бұл барлық құрылыс жұмысы уақытша тоқтайды деген сөз. Тек өзекті деген жұмыстар жалғасады. Бұл шаралардың бәрі коронавирустың таралуына байланысты жасалып жатыр, сыртқы нарықтағы жағдайға еш қатысы жоқ,-деді ол.Сонымен қатар, ол Атырау облысындағы кен орыннан жұмысшылар қайтарыла бастаған, бұл шамамен 600-700 адам.
Қазір елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты жергілікті атқарушы органдармен бірге Теңіз кен орнынан жұмысшыларды шығару жоспарын әзірлеп жатырмыз. ТШО жұмысы уақытша тоқтаған мердігер ұйымдардың жұмысшыларының жалақысын сақтауды ұсынды, дегенмен мұндай мәселелер ҚР еңбек заңнамасына сай шешілгені дұрыс,-деді Артығалиев.
Қазір Теңізшевройл кен орнында жұмыс істейтін адамдардың қан анализі алынып, скринингтер жасалып жатыр.
Теңіз кенішінде 400-дей мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Қазір осылардың барлығында қанша адам жұмыс істеп жатқанын нақтылып жатырмыз,-деді ол.
Бұған дейін "Теңізшевройл" ЖШС-не қарасты мердігер мекеменің жұмысшысынан коронавирус анықталған еді. Ол "Ватернас" вахталық қалашығының 50 жастағы тұрғыны. Қазір бұл қалашық карантинге жабылған.