Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған 100-ге жуық адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.
11 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясынан 11 910 адам (–10 859+ және 1 051 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 124 пациент стационарда, 10 786 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
- 95 адамның жағдайы ауыр;
- 30 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.