Коронавирус: әлемнің 65 еліне тарады

2 Наурыз 2020, 16:31
1991
Бөлісу:
Коронавирус: әлемнің 65 еліне тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезия, Чехия және Доминикан Республикасында алғашқы коронавирус жұқтырған жағдайлар тіркелді.

COVID-19 коронавирусының эпидемиясы әлемнің 65 еліне тарады. 

Индонезия президенті Джоко Видодо ел территориясында екі адамның коронавирус жұқтырғанын растады. Екі науқас та ауруханаға жатқызылды.
Бұған дейін Чехия мен Доминикан Республикасында алғашқы жағдайлар тіркелді.

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2912 адамға жетті. Тәулік ішінде 42 адам қаза тапты, 44,2 мың адамнан астам сауығып кетті. Қытай территориясында коронавирус жұқтырғандар саны 80 мың адамға жетті. 

Қытайдан тыс шет елдерде 7169 адам жұқтырған. 104 адам қайтыс болды. 

Соңғы тәулік ішінде Оңтүстік Кореяда - 586 адам, Италияда - 240 адам, Иранда - 205 адам коронавирус жұқтырған.

Өзгелердің жаңалығы