Коронавирус: 103 адамның жағдайы аса ауыр

17 Тамыз 2020, 09:33
1067
Бөлісу:
Коронавирус: 103 адамның жағдайы аса ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 99 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 406 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген хабарламада.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. 

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.

Өзгелердің жаңалығы