Алматы, BAQ.KZ. КХДР-сы коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық ұйымдардан көмек сұрады. Аталған ел Covid-19 індетіне қарсы тест алуға ниетті, деп жазды Financial Times басылымы.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір бұл елде коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген. Алайда мамандар бұл мәліметтің растығына күмәнмен қарайды.Financial Times басылымына сұхбат берген дереккөзі КХДР-да шетелден келген 590 адам коронавирусқа қарсы тест тапсырғанын айтқан. Олардың ешбірінен вирус анықталмаған.
Билікте коронавирусқа қарсы тест бар, олар оны қалай қолдану керектігін жақсы біледі. Дегенмен бұл жеткіліксіз, сондықтан барлық ұйымдарды осы тұрғыдан қолдауға шақырады, - дейді ол.