Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Жапония спортшыларымен бірге жаттығады

18 Мамыр 2022, 14:46
1237
Бөлісу:
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Жапония спортшыларымен бірге жаттығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көркем гимнастикадан топтық жаттығулар бойынша Жапония құрама командасы Қазақстанға тәжірибе алмасу үшін келді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жапониялық гимнасттар Қазақстан құрамасымен бір апта бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Аталған жаттығу жиынының мақсаты - екіжақты тәжірибе алмасу және достық қарым қатынасты нығайту. 

Айта кетерлігі, дайындық жұмыстарының сапалы да тиімді болуы мақсатында бұл жиын біздің жаттықтырушы Инна Валентиновна Быстрованың жетекшілігімен өтеді.

Өзгелердің жаңалығы