Көркем гимнастикадан ел құрамасы халықаралық жарыста жүлде алды

Ресейдің Омбы қаласында көркем гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгения Канаеваның жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

 olympic.kz 8 Маусым 2024 2024, 01:18
8 Маусым 2024 2024, 01:18
966
Фото: olympic.kz

Ресейдің Омбы қаласында көркем гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгения Канаеваның жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күнінде топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыстан қола жүлдегер атанды. Бұл сында алтынды Ресей, күмісті Беларусь құрамалары иеленген.

Айта кететін жайт, халықаралық турнирде топтық жаттығудан бөлек, Милана Парфилова, Зере Бақытжанқызы, Рабия Аманқос және Надия Қанапия бақ сынасады.

Наверх