Көркем гимнастикадан Әлем кубогі: қазақстандық спортшылардың нәтижесі

6 Маусым 2022, 08:32
1043
Бөлісу:
Көркем гимнастикадан Әлем кубогі: қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Италияда көркем гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңі өз мәресіне жетті. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижелерін ұсынады.

Елжана Тәниева шығыршықпен орындалатын жаттығулар финалында 8, таспамен өнер көрсетуде 5-орын иеленді.

Сондай-ақ, ел тарихында тұңғыш рет топтық жаттығулар бойынша командамыз әлем кубогының финалында өнер көрсетті.

Қыздарымыз шығыршықпен 6-орынға ие болса, доп+таспа жаттығуларында 8-орынға тұрақтады.

Қазақстандық гимнастшылардың келесі жарысы Азия чемпионаты болмақ.

Өзгелердің жаңалығы