Қазақстандық көркем гимнастика командасының өкілі Эльжана Таниева Софияда (Болгария) өткен Әлем Кубогі кезеңінде «күмісті» жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық таспамен жаттығуда екінші болды. Таниева өзінің көрсетілімі үшін төрешілерден 30.900 балл алды.
Бірінші орынды Тахмина Икромова (Өзбекстан) иеленді. Қола медальді Бразилиялық Барбара Дамингос жеңіп алды.