Астана, BAQ.KZ. Көрісу мейрамын атап өту аясында облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
12 наурыз күні сағат 10-да облыстық халық шығармашылығы орталығында «Ойдағы ел қырдағы елмен амандасып» тақырыбында халықаралық айтыс басталады. Қазылар алқасының құрамында Асанәлі Әшімов бастаған өнер қайраткерлері бар.
13 наурыз күні сағат 15.00-де жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі - бата беруден республикалық байқау өтеді. Шара Құрманғазы мәдениет сарайында болады. Байқауға 17 батагөй қатысады.
14 наурыз сағат 11-де Сұлтан Бейбарыс алаңында «Көрісу Fest» халықаралық фестивалі басталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтетін халықаралық фестиваль аясында суретшілер плэнері, облыстық музей көрмесі, ұлттық сусындар мен тағамдар жәрмеңкесі өтеді. «Жастар жарыса көрісіп қауышады» байқауы мен театрландырылған әдеби-музыкалық қойылым да шара жоспарында бар.