Отпан тауға 12 мыңнан астам адам барды. Олардың арасында Еуропадан, түркі тілдес елдерден келген қазақтар да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Маңғыстау жұртшылығы ерте уақыттан бері Көрісу мерекесін 13 наурыздан бастап тойлайды. Аймақ тұрғындары биыл да игі дәстүрден жаңылған жоқ.



Күні кеше көпшілік Маңғыстау ауданында «Адай ата - Отпан тау» тарихи мәдени кешенінде бас қосты. Құшақ жая көрісіп, ақсақалдар жастарға ақ батасын берді.
Қаратаудың етегінде ат бәйге, қазақтың шашақ құлақты тазыларының жарысы ұйымдастырылып, жүлдеге автокөліктер тігілді.


Кешқұрым таудың ең биік нүктесінде, теңіз деңгейінен 532 метр биікте «Бірлік» оты жағылды.
Жалпы қазір өңірдің барлық елді мекенінде ауқымды шаралар өтіп жатыр.

