Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

19 Тамыз 2021, 19:35
1211
Бөлісу:
Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әуе кеңістігін қорғау қызметін атқару барысын тексеріп, теңіз жаяу әскерлерінің, Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің және әскери теңізшілердің жауынгерлік даярлығы өтетін оқу-жаттығу алаңдары мен полигондарын аралады.

Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақтау әуе базасында Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы майдан авиациясы жойғыштарының кезекшілік атқару тәртібі, инфрақұрылымның жай-күйі мен әскери бөлімдегі объектілердің күзеті жөнінде баяндады.

Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Қорғаныс ведомствосының басшысы полигондарда бағынысты әскерлердің жауынгерлік оқуын ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғаларды тыңдады. Қорғаныс министрі соңғы уақыттағы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, енгізіліп жатқан жаңа іс-қимылдың тәсілдері мен тактикалық әдістерінің сапасын тексерді.

Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Сондай-ақ жоғары қарқында жеке құрамды 100% сабақтармен қамтуды және жауынгерлік даярлық үрдісін үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.

Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Өзгелердің жаңалығы