Қорғаныс министрі қаза тапқандардың отбасыларына барды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 27 Тамыз 2021 2021, 18:25
27 Тамыз 2021 2021, 18:25
5699

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында болған өрт салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына барып, орны толмас қазаға байланысты марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - делінген хабарламада.


Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шаралар қабылданады.

Еске салсақ, кеше Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімінде жарылыс болып, ол өртке ұласты. Салдарынан 9 адам опат болды.

Наверх