Қорғаныс министрі қару-жарақ пен техника сақталған базаларды аралады

21 Наурыз 2021, 19:49
1703
Бөлісу:
Қорғаныс министрі қару-жарақ пен техника сақталған базаларды аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосының басшысы жұмыс сапары барысында Алматы мен Гвардейск гарнизондарында орналасқан артиллериялық және бронды танк қару-жарағы сақталған базаларды тексерді.

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қару-жарақтың сақталу жағдайларына, әскери техниканы күзетудің ұйымдастырылу тәртібіне, өртке қарсы және диверсияға қарсы қауіпсіздіктің жай-күйіне ерекше назар аударды.

Бұдан өзге қорғаныс министрі Алматы гарнизонындағы сақтау базасында әскери инфрақұрылым нысандарының салыну барысымен, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы сақталған техниканы жөндейтін және қызмет көрсететін цехтың жұмысымен танысты.

Гвардейск гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы бронды танк техникасына ағымдық және орташа жөндеу жүргізілетін қоймалар мен сақтау алаңдарын, цехтың жұмысын қарап шықты.

база1.jpg

Сондай-ақ сақтау базаларының командирлері Қорғаныс министріне пайдаланылмайтын әскери мүлікті есептен шығару, бағалау және одан әрі уәкілетті органға беру жөніндегі жұмыс туралы есептерін ұсынды.

Пайданылмайтын әскер мүлік жөніндегі мәселені шешу қорғаныс ведомствосы жұмысының маңызды бағыты саналады. Кеңес заманынан бері белгіленген пайдалану мерзімі өткен және пайдалануға жарамсыз материалдық заттар Қарулы Күштерде сақталуда. Ұзақ жылдар ішінде алғаш рет Қорғаныс министрлігі көп жылдар бойы сақталған әскери техниканы толық түгендеу мен сұрыптауды жүргізді. Бұдан әрі қолдануды және жөндеуді қажет ететін техника Қарулы Күштердің баласында қалмақ. Пайдалануға жарамсыздары – есептен шығарылып, уәкілетті органның ведомстволық ұйымдарына (ИИДМ) беріледі, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар уәкілетті органның (ИИДМ) ведомстволық ұйымдары пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жаратады немесе баланстық құны бойынша өткізеді.

база2.jpg

Қазір Қорғаныс министрлігінде уәкілетті органның ведомстволық ұйымдарына (ИИДМ) баланстық құны 100 млрд теңгеден асатын пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру процесі жүріп жатыр. Бұл мүлікті сатудан түскен қаражат мемлекет бюджетін толықтырады.

 


Өзгелердің жаңалығы