Қазақстанның Кореядағы елшілігі елдегі әскери төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Корея Республикасы президенті Юн Сок Ельдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз.
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда, жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы елшілікке хабарласуларыңызды сұраймыз!, - делінген елшілік таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, Оңтүстік Корея Президенті елде әскери режим енгізілгенін мәлімдеген болатын.