Оңтүстік Корея Республикасының Мэндон-мен қаласындағы кәсіпорында өрт болып, онда жұмыс істеген Қазақстан азаматы табылмай жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сыртқы істер министрлігі аталған оқиғаға байланысты түсінік берді
Оқыс оқиға 30 қаңтарда азық-түлік және сусындар өндіретін кәсіпорында өрт болды.
Өрттен кейін бірден 81 қызметкер эвакуацияланды. Алайда екі жұмысшының, оның ішінде Қазақстан азаматы табылмады, – дейді министрліктегілер.
Полиция мен өрт сөндіру бөлімінің хабарлауынша, 31 қаңтарда таңертең өртенген цехтың ішінен белгісіз дене табылған және тағы бір адам ұшты-күйлі жоқ.
Полиция мәйіттің кім екенін анықтау үшін Ұлттық ғылыми зерттеулер институтына жүгінген.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан елшілігі полициямен және өрт сөндіру қызметімен, сондай-ақ жоғалған Қазақстан азаматының туыстарымен байланыста және мәселені бақылауда ұстайды.
Оқи отырыңыз: