Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің (MOIS) цифрлық ресурстар саясаты басқармасының директоры Мин Сун Йонг цифрландыру мәселелері бойынша өңірлік конференциясының кулуарында айтты.
5G енгізуге қатысты айтатын болсақ, әрине, Қазақстанда ол енгізілсе қызмет алудың сапасы мен жылдамдығы жақсарады. Кореямен салыстырсақ, онда мемлекеттік қызметті алудың орташа уақыты 3 секунды құрайды. Егер қызмет бұл уақыттан асып кетсе, ол сапасыз дегенді білдіреді,- деді ол.
Мин Сун Йонг инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын да атап өтті.
Қазақстанда инфрақұрылымды нығайтып, 5G-ді енгізсе, алдыңғы қатарлы елдерден артта қалмайды,-деді ол.
Сун Йонг айтқандай, инфрақұрылым мен базаны дамытуға бюджеттің бөлінуі де аса маңызды.
Инфрақұрылымдық базаны инвестициялауға ерекше көңіл бөлсе,оның негізі мықты болады. Азаматтарға ақшаның қайда кеткені көрінбеуі де мүмкін. Бұл ішкі жұмыс болып есептеледі. Бірақ қызметтің сапасына оң әсер етеді,-деді ол.