Корея Қазақстан мұнайына келісті ме? – Вице-министр жауап берді  

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әріптестік тек мұнай-газ секторымен шектелмейді.

 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 11:30
Бүгiн 2026, 11:30
215
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілін қабылдады. Кездесу аясында екіжақты экономикалық байланыстарды кеңейту, соның ішінде энергетика саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішсі.

Осы орайда журналистер Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтен Оңтүстік Корея компанияларының Қазақстанның мұнай-газ секторына қызығушылығы және нақты келісімдердің перспективасы туралы сұрады.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан мен Корея арасында энергетика саласында бірқатар бірлескен жобалар іске асырылып жатыр.

Қазіргі таңда бірлескен жобаларымыз баршылық. Hyundai бар және әртүрлі инженерлік EPC келісімшарттар бойынша кореялық компаниялармен жұмыс істеп келеміз. Бірақ мұнай бойынша нақты келісімшарттар туралы айтуға әлі ерте, – дейді Санжар Жаркешов Сенат кулуарында.

Ол Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әріптестік тек мұнай-газ секторымен шектелмейтінін атап өтті.

Жалпы, Оңтүстік Кореямен тығыз байланыстамыз. Бұл – технологиялық тұрғыдан бәсекеге қабілетті, компетенциясы жоғары ел. Біз тек жасыл энергетика емес, газ саласы мен таза көмір технологиялары бойынша да ынтымақтастық орнатып отырмыз, – деп толықтырды вице-министр.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея Қазақстанмен мұнай бойынша келіссөзге келетінін хабарлаған едік.

Наверх