Қазақстанның Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Оңтүстік Чхунчхон провинциясының губернаторы Ким Тэ Хыммен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жүздесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларына қатысты пікір алмасты.
Қазақстан дипломаты сұхбаттасты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанды» құру, сондай-ақ елдің инвестициялық ахуалын одан әрі жақсарту жөніндегі бастамалары туралы хабардар етті. Дрондарды, жоғары технологияларды және жасанды интеллектті қолдану сияқты негізгі бағыттарды дамыту жоспарлары Кореямен ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деген пікір білдірді. Сонымен қатар, студенттер мен университеттердің оқытушылар құрамымен алмасуды кеңейтудің үлкен әлеуеті аталып өтті.
Провинция басшысы іскерлік байланыстар орнату үшін бизнес-делегацияның сүйемелдеуімен Қазақстанға бару ниеті туралы хабарлады. Сонымен қатар, губернатор провинцияның Қазақстан өңірлерімен бауырластық байланыс орнатуға мүдделілігін растады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің өңіраралық ынтымақтастығын нығайту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.