Корея елшісінің жұбайы етпен үйлесетін корей тағамын әзірлеуді үйретті

1 Сәуір 2021, 18:33
2430
Бөлісу:
Корея елшісінің жұбайы етпен үйлесетін корей тағамын әзірлеуді үйретті
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Корей мәдени орталығы қазақстандықтарға «Корей мәдени орталығымен бірге «кимчи» дайындау» тақырыбында онлайн шара ұсынды.

Пандемияға байланысты Қазақстанда әлі де шектеу шаралары жалғасып жатыр. Сол себепті Корей мәдени орталығы осындай онлайн іс-шараларды ұйымдастыруда. Оның мақсаты дәстүрлі Корей тағамдарын әзірлеуді үйрету, таныстыру. Осы ретте онлайн шеберлік сағаты аясында корей тағамы «Кимчиді» әр адам өз үйінде оңай дайындауға және оның ерекше қасиеттері туралы хабардар болуға мүмкіндік алды.

Корея елшісінің жұбайы етпен үйлесетін корей тағамын әзірлеуді үйретті

Дәстүрлі маринадталған «Кимчи» тағамдарынсыз бірде-бір корей үстелін елестету мүмкін емес. Оны корейлер жақсы көретіні соншалықты тіпті салатты сақтау үшін әр отбасында бөлек тоңазытқыш та бар. Сонымен қатар, түрлі қоспалардан жасалған «Кимчидің» 250-ден астам түрі бар. «Кимчидің» дәмдері мен түрлері әр провинция мен аймақтың ерекшеліктеріне байланысты жасалады.

Корея елшісінің жұбайы етпен үйлесетін корей тағамын әзірлеуді үйретті

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісінің жұбайы Ли Юджин қазақстандықтар үшін «Пэк кимчи» (ақ кимчи) атты салатты әзірледі. Ол өзінің дәмімен ғана емес, сондай-ақ қазақтың ет сияқты ұлттық  тағамдарымен үйлесіп, ағзаны қоректік заттармен байытады.

Корея елшісінің жұбайы етпен үйлесетін корей тағамын әзірлеуді үйретті

«Пэк кимчи» иммундық жүйені нығайтатын қасиеттерге ие, бұл әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде аса қажетті. «Пэк кимчиді» өз бетінше дайындауға арналған бейне-нұсқаулықты Корей мәдени орталығының ресми сайтынан көруге болады.


«Пэк кимчи» тағамын дайындау туралы бейнеде біз Қазақстан тұрғындарына Корей дәстүрлі маринадталған «Кимчи» тағамдарының ең жақсы қасиеттерін ұсынғымыз келеді. Біз COVID-19 пандемиясынан кейін қазақстандықтармен бірге басқа да корей тағамдарын дайындай аламыз деп үміттенеміз, - деді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

Кимчидің қалай дайындалатынын мына видеодан қарап, үйренуге болады. 


Өзгелердің жаңалығы