Корея елшісінің аспазы қазақстандықтарға корей тағамдарын әзірлеуді үйретеді

3 Наурыз 2021, 18:36
3140
Бөлісу:
Корея елшісінің аспазы қазақстандықтарға корей тағамдарын әзірлеуді үйретеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Корей мәдени орталығы корей тағамдарын дайындау бойынша дәстүрлі онлайн курсын өткізеді.

2021 жылдың 5 наурызынан бастап Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығында биылғы көктемгі оқу семестрі аясында корей тағамдарын дайындау бойынша онлайн аспаздық курсы басталады. Бұл семестрде курс 10 сабақтан тұрады. Оған корей тағамдарын әзірлеп үйренгісі келетін Қазақстанның барлық тұрғыны сабақты Youtube платформасы арқылы көре алады.

Корея елшісінің аспазы қазақстандықтарға корей тағамдарын әзірлеуді үйретеді

Аспаздық сабақтар аптасына 1 рет өткізіледі. Курс осы жылдың 5 наурызынан 6 мамырына дейін басталады. 15-20 минутқа созылады. Оқу бейнелері алдын ала жазылып, Youtube арнасына жүктеледі. Сол себепті кез келген адам сабақты өзіне ыңғайлы уақытта және кез келген жерде көре алады, - дейді орталық директоры Ли Херан ханым.

Ай сайын сабақтар белгілі бір тақырыпқа сәйкес өткізіледі. Мысалы наурызда «Туған күнге арналған тағамдар», сәуірде «Корей панчханы» (жеңіл тағамдар мен салаттар), мамыр – «Корей чигесі» (сорпалар).

Наурызда туған күнге арналған мерекелік үстел теңіз балдырларының сорпасы «Миёккук» және «Муссам» орамдары, «Кальбичим» бұқтырылған қабырғалары, «Тток кейк» күріш пирогы және «Камджачон» картоп құймақтары түрінде ұсынылады.

Сәуір айында корейлік «панчханалар» (жеңіл тағамдар мен салаттар) ұсынылады. Мысалы «Щигымчи намуль» және «Хон намульчим» (шпинат және бұршақ өскіндері), «Эхобак намуль» және «Омукпоккым» (асқабақтан жасалған тағам мен балық таяқшалары), «Мусанче» және «Посотпоккым» (туралған шалғам дайкон және қуырылған саңырауқұлақтар), «Янгпа джаначи» және «Келквар поккым» (маринадталған пияз және қуырылған жаңғақтар).

Мамыр айында «Кимчи чиге» және «Сундубу чиге» сорпалары дайындауды үйретеді.

Корея елшісінің аспазы қазақстандықтарға корей тағамдарын әзірлеуді үйретеді

Корей мәдени орталығы жаңа аспаздық курстан корей тағамдарын дайындау дағдыларын игере отырып, қазақстандықтар өз бетінше корей стиліндегі дастархан жая алады деп үміттенеді.

Нұр-Сұлтанда орналасқан Корей мәдени орталығы үшін корей тағамдарын дайындауға арналған ингредиенттерді табу қиын болғандықтан, бұл курста балама ингредиенттер пайдаланылатын болады. Осы семестрде Корея Республикасының елшісі резиденциясының кәсіби бас аспазы Юн Дэгван мырза Қазақстанда қолжетімді өнімдерді пайдалана отырып, корей тағамдарын қалай дайындау керектігін көрсетеді, - дейді директор.

Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан қазақстандықтарды корей мәдениетінің ауқымды бөлігі болып есептелетін дәстүрлі тағамдар арқылы Кореяны сезінуге және корей тағамдарымен танысуға шақырады.

Осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан біздің онлайн аспаздық курсымыздың көмегімен корей тағамдарын оңай дайындап үйренуге болады. Онымен қоса курсқа қатысушылар Корей мәдениетін сезіне алады. Сондай-ақ курсқа қатысқан әр студенттің әзірлеген корей тағамдары денсаулықтарын мықты етіп, бақыт әкелсін. Студенттер осы курстан кейін өз беттерінше корей тағамдарын дайындап, корей дастарханын жая алады деп үміттенемін, - деді ол.

Еске сала кетейік, курс 5 наурыз бен 5 мамыр аралығында өтеді. Видео сабақтарды Корей мәдени орталығының Youtube-тегі арнасынан көруге болады. 


Өзгелердің жаңалығы