Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікте қасақана адам өлтірген сотталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды

27 Сәуір 2021, 11:40
1755
Бөлісу:
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікте қасақана адам өлтірген сотталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Келесі сотталушылар қасақана адам өлтіру және полиция қызметкерлерінің өміріне қолсұғушылық қылмыстарын жасаған. Сотталушы Ботабасов мылтықпен адамдарға дәлдеп оқ атқан. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 4 жәбірленуші зардап шеккен. Ол жаппай тәртіпсіздікке қатысып, 3 адамның өліміне, денсаулыққа зиян келтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді Құлтасов.

Ол атағандай, сотталушы Тоқабаев автокөлікпен бір топ адамды қасқана басқан.

Салдарынан жәбірленуші Күйіров оқиға орнында қайтыс болып, 3 жәбірленуші зардап шеккен. Сотталушы Тоқабаевқа жаппай тәртіпсіздікке қатысып, адам өлтіру және екі адамнан көп адамды өлтіруге оқталғаны, заңсыз қарумен әрекет жасағаны үшін 17 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді ол.

Сондай-ақ ол тәртіпсіздікке қатысқан Кәрібаев 16 жылға, Сұлтанаев 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылар Сангуй және Чишанло бір топ адам болып қасқана адам өлтірген. Олар жәбірленушілерді айыр және темір таяқпен ұрған. Басқа сотталушылар қолмен ұрып, тепкілеген. Сараптама қорытындысы бойынша жәбір көргендер айыр мен темір соққысынан қаза тапқан. Сангуй және Чишанлоға әрқайсысы 16 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды, - деді ол.

Ол атағандай, сотталушылар Гимуров, Хижов И., Хижов Н. Адам өлтіру айыбы бойынша ақталып жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін сотталды.

Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттерді тоқтату барысында сотталушы Дауров оларға қарай мылтықпен оқ атқан, нәтижесінде 4 полиция жарақат алды. Оған полиция қызметкерлерінің өміріне қолсұғушылық жасағаны үшін және жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деді ол.

Құлтасов қалған сотталғандар бойынша бір адамға жаппай тәртіпсіздік қатысқаны, атыс-қарумен заңсыз әрекеттерге, кісі өлтіруге жәрдемдескені үшін 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

Келесі бір адамға жаппай тәртіпсіздіктерге тонау, адамдардың алдында сөз байласу, аса ірі мөлшердегі қарақшылық шабуылға, суық қарумен заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бір адамға жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны, аса ірі көлемдегі қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 9 адам жаппай тәртіпсіздіктерге шақырып, қатысқаны үшін, бөтен мүлікті ұрлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 31 адамға жаппай тәртіпсіздікке шақырып, оған қатысып, тұрғын үйлерге заңсыз кіру жолымен бөтендер мүлкін жасырын ұрлағаны үшін және келтірілген залалды өтегені үшін 5 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырып, тағайындалға жаза шартты деп есептеліп, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Атап айтқанда 24 адамды шартты түрде бас бостандығынан айырылып, 7 адамның бас бостандығы шектелді, - деді Құлтасов.


Өзгелердің жаңалығы