Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Жаппай тәртіпсіздік барысында адамдардың қаза болуына әкеп соққан ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны, оларға белсенді қатысқаны, оның ішінде қару қолданып, қарақшылық шабуылдар жасағаны үшін 19 адамға қатысты бас бостандығынан айырылу түріндегі жаза тағайындалды, - деді ол.
Құлтасов кінәсін мойындағандарға қатысты қандай шешім шыққанын айтты.
Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан, алайда кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінгені және залалды өтеуге шаралар қабылдағаны үшін 31 адамға қоғамнан оқшаусыз шартты түрде немесе бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық сұрақтары шешілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деді ол.