Көпұлтты қазақстандықтар күннің нұры, Алланың назары түскен мемлекетте өмір сүріп отыр – этнос өкілі

30 Сәуір 2021, 17:50
1723
Бөлісу:
Көпұлтты қазақстандықтар күннің нұры, Алланың назары түскен мемлекетте өмір сүріп отыр – этнос өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған онлайн телекөпірі кезінде Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов айтты.

«Әрбір алыс жол алғашқы нық қадамнан басталады» дейді дана халқымыз. Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап Елбасымыздың алдында бір ғана мақсат болды. Бұл - көпұлтты қазақстандықтардың басын топтастыру. Осының аясында ҚХА бүгінгі күні ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін қалыптастырды, - деді ол.

ҚХА-ның бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында «30 игі іс» акциясын өткізіп отыр.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі шеңберінде Шымкент қаласында ҚХА-ның қалалық ассамблеяның төрағасы, сонымен бірге Қоғамдық келісім қызметкерлері, қаладағы барлық этномәдени орталықтың төрағасы жаңадан ашылған алаңға ағаш отырғызады. Сондай-ақ бөлімнің салнататты ашылуы да өтеді, - деді этнос өкілі.

Сонымен бірге Шымкент қаласының Қазығұрт шағын ауданында Мәдениет үйі құрылысын бастау бойынша капсула салынады.

Жыл басынан бастап ҚХА аз қамтылған отбасылар аясында 7 млн теңгеден артық қайырымдылық іс-шарасын атқарды. Сондай-ақ Рамазан айында осал топтап шыққан 500-тен астам адамға азық-түліктей көмек беріп, үйлеріне жеткізіп беретін сыйлығымыз бар, - деп айтты Икрам Хашимжанов.

Сондай-ақ телекөпір кезінде ол алдағы мақсаты туралы айтты.

Мақсатымыз – мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру. Мәңгілік ел идеясы қашан жүзеге асады? Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ аясыгда қызмет етіп, жұдырықтай жұмылсақ. Қазақстан өзбектері достық қауымдастығы атынан атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. ҚХА-ның XXIX сессиясы барлығымыздың көңілімізден шықты. Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтан Ассамблеяның құрметті төрағасы болып сайланғанының өзі халықтың көңілінен шығып отыр. Біз көпұлтты қазақстандықтар күннің нұры, Алланың назары түскен мемлекетте өмір сүріп отырғанымыз үшін шүкіршілік етуіміз керек, - дейді ол.

Сөз соңында ол барлығымыз жұдырықтай жұмылып, елдің бірлігін, бейбітшілігін болашақ жастарға жеткізіп беру азаматтық борыш екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Марат Әзілханов ҚХА сессиясында Елбасы айтқан 5 мәселені атады

Өзгелердің жаңалығы