«Көпсалалы медициналық орталықта» жылына 2 мыңнан астам адам қаралады

4 Ақпан 2021, 17:03
1485
Бөлісу:
«Көпсалалы медициналық орталықта» жылына 2 мыңнан астам адам қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Көпсалалы медициналық орталық» ШЖҚ МКК директоры Мұхтар Төлеутаев «Қатерлі ісікке қарсы күрес күніне» қатысты өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында айтты.

Соңғы жылдары біздің басқарма басшылығымен емхана, амбулаториялардың дәрігерлері бірлесіп, қазіргі уақытта үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Мысалы 2016 жылы I сатымен анықталған науқастар 26,7%-ды құраса, 2020 жылы 32,9%-ға дейін өсті, яғни, өсу қарқыны 6,2%-ға жақсарды. Сонымен қатар көзбен шолып оқшаулаудың (III-IV кезеңдері) елеусіздігі Нұр-Сұлтан қаласында 2016 жылы 16,8%-ды құраса, 2020 жылы 13,3%-ға дейін жоғарылаған, - деді ол. 

Мұхтар Төлеутаевтың айтуынша, «Көпсалалы медициналық орталыққа» жылына 2000-нан астам адам келіп қаралады.

Біздің орталыққа жылына 2000-нан астам адам келеді. Соның 60%-ы дәрі-дәрмекпен емделеді. Оның барлығы мемлекеттің қаражатына алынады. Орталықта дәрі-дәрмекпен, сәулемен, операция арқылы емдеу толықтай меңгерілген. Шеберлік сағаттар өткізу үшін әрдайым шет елден мамандар шақырып, мамандарымыздың білімін жетілдіріп отырамыз. Орталық қалалық емхана, амбулаторияларға және жалпы медициналық көмек жасайтын әріптестерімізге обыр диагнозының алдын алу туралы 7 түрлі дәріс оқиды. Тек қана 2020 жылдың ішінде осы бағытта медицина саласында істеп жатқан жандарға 489 дәріс берді, - деді ол.

Айта кетейік, ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында қатерлі ісікке шалдыққан 11 500-ден аса адам электронды тіркеуде тұрғанын мәлімдеген болатын.

Ұмсындық НАУРЫЗБАЕВА
Өзгелердің жаңалығы