Елордада қатерлі ісікке шалдыққан 11 500-ден аса адам электрондық тіркеуде тұр

4 Ақпан 2021, 16:48
2231
Бөлісу:
Елордада қатерлі ісікке шалдыққан 11 500-ден аса адам электрондық тіркеуде тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 4 ақпан – қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшылығының қатысуымен «Қатерлі ісікке қарсы күрес күніне» арналған баспасөз конференциясы өтті. 

Жиынға қаланың көпсалалы медициналық орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев қатысты.

Отырыста Мұхтар Төлеутаев адамдардың қатерлі ісік дертіне шалдығуының негізгі себебіне тоқталды. 

Қатерлі ісікке шалдығудың себебі көп. Біріншіден, әр адамның генетикасына байланысты, яғни бұл дерт тұқым қуалауы мүмкін. Жалпы алғанда, қоршаған орта да әсер етеді. Адамның күнделікті теріс әдеттері де бар, оның ішінде денсаулыққа зиянды заттарды қолдану. Мысалы, темекі шегу, алкагольді ішімдіктерді мөлшерінен тыс көп қолдану, газдалған сусындар мен қуырылған асты әдеттен тыс тұтыну. Солардың бірі - артық салмақтың болуы. Ол адамның ағзасына теріс әсер береді. Бұл әдеттер арқылы адам өз ағзасына микро-бактерияларды көбейтіп алады. Оның соңы ми, тері обырына апаруы мүмкін, - деді ол.

Дәрігер сонымен қатар ми обырына қатысты халықтың тегін скрининг алуға мүмкіндігі қаншалықты екенін айтты.

Біздің елімізде ми обырына қатысты бағдарлама бойынша үш түрлі скрининг бар: сүт безінің обыры, жатыр мойны обыры, тоқ-ішек пен тік ішектің обырына қарсы алдын алу скинингтік бағдарламалары. Ми қатерлі ісігі жиі кездеспейді. Негізі, скрининг деген жалпы сырқат белігісі жоқ адамдарға тексеру жасау ұғымы. Сондықтан скрининг бағдарламасы қолданылмайды. Ондай уақытта алдын ала аурудың белгілері біліне бастайды. Басы айналу, есінен танып қалу, өзін нашар сезіну секілді. Мұндай жағдайлар көріне бастаған кезде тұрғылықты жерінің невропотолог-дәрігерлеріне көріну керек, – деді ол.

Мұхтар Төлеутаевтың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қатерлі ісікке шалдыққан 11 500-ден аса адам электрондық тіркеуде тұр. Ауруға шалдығып жазылып шыққандар да жетерлік. Алайда дәрігер мұны ашықтан-ашық жариялап керек емес екенін түсіндірді. 

Ол сондай-ақ қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Қатерлі ісікке шалдыққан Қазақстан азаматтары кез келген дәрі-дәрмекпен үкімет тарапынан тегін әрі толық қамтамасыз етіледі. Сәулелі терапия, ота жасау, одан кейінгі басқа да ем-дом шаралары тегін көрсетіледі, – деді ол.
Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы