Ғалымдар көп салмақ қосуға себептесетін өнімдерді атады

5 Қаңтар 2020, 19:15
5924
Бөлісу:
Ғалымдар көп салмақ қосуға себептесетін өнімдерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық ғалымдар салмақ жинауға септігін тигізетін 5 түрлі өнімді атады. 

Бұл туралы Health.news жазды.

Зерттеу жұмысымен айналысқан ғалымдардың айтуынша, адамдар пайдалы деп санайтын өнімдер мен тағамдық қоспалар шын мәнінде салмақ жинау процесін тездетеді екен. Олардың қатарында рапс майы да бар. Аталмыш өнім дене массасының ұлғаюына септесіп қана қоймай, ми жұмысын тежейді, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тамақ өнімін жасанды тәттілендіргіштерді тұтынар кезде абай болу керек. Оның ішінде аспартам мен сукралоза, қарапайым қанттан тәтті болады. 

Құрамында глютені бар тағамдарға да көп қызықпау қажет. Себебі, ол адамның дене мүсінін өзгертіп, ішек жұмысын нашарлатады. Глютен дегеніміз астық тұқымдастары дәндерінің құрамында болатын нәруыздар тобы. Сондай-ақ, глютеннің аллергендік қасиеттері бар.

Әлемге "дәмді күшейткіш" деген атауға ие натрий глутаматы (E621) да денсаулыққа орасан зор зиян келтіреді. Ол тағамның дәмділігін арттыра түседі. 

Сиырдың майлылығы аз пастерленген сүті мен сүт өнімдерінің ағзаға тигізер зияны көп. Көпшіліктің сүйікті асына айналған фастфуд, жартылай фабрикаттар, тәттілер адамның көп салмақ қосып, екінші типті диабетке шалдығуына әсер етеді.




Өзгелердің жаңалығы