Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Мәулен Әшімбаев қыздырылған темекіге акциздерді енгізу туралы айтты.
Оның айтуынша, нақты нәтижеге жету үшін бұл өнімдерге салынатын акциздерді көбейтіп қана қоймай, контрабандамен тиімді күресу қажет.
Жұмыссыз кәсіпкерлер мен мұнымен айналысатын адамдар қыздырылған темекі қосылған өнімдерді контрабандалық жолмен тасымалдауды жүзеге асырмағаны маңызды. Ол жүзеге асатын болса, сәйкесінше, Ұлттық экономика министрлігі ұсынып отырған шаралардың бәрі де нәтиже бермейді. Сондықтан акциздерді арттыру саясаты контрабандаға қарсы күресте өте қатаң шаралармен қатар жүруі керек, - деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат бірінші оқылымда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады.