Конституциялық сотты жаңғырту не береді?

21 Мамыр 2022, 13:30
2561
Бөлісу:
Конституциялық сотты жаңғырту не береді?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бізде Конституциялық сот 1992-1995 жылдар аралығында болды. Ол бірқатар шешімдерді шығарды. Ең соңғы тарихта қалған шешімі – 13-ші шақырылымдағы Жоғарғы кеңесте өткен сайлауы сол кездегі Конституцияға қайшы деп танылып, бірнеше ай жұмыс істеген Парламенттің таратылуы еді.

Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов «Желмая» жобасында айтты.

Оның айтуынша, кейін қолданыстағы Конституция 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған.

Бұл Конституцияның жобасын жасау барысында жұмыс тобының құрамына француз мамандары кірді. Сол кездегі Франция Конституциялық кеңесінің төрағасы Ролан Дюма, танымал сарапшы Жак Аттали және басқалардың ықпалы болар Конституциялық органның моделін өзгерту туралы шешім шығарылып, қазіргі Конституциялық кеңес құрылды. Ол кеңес 26 жылдан астам жұмыс істеп келді,-деді ол.  

Сонымен қатар ол әлемдік Конституциялық бақылау органдарының қауымдастығыв барын атап өтті. Оған 118 мемлекет мүше екен. Сол елдердің 70-де Конституциялық сот құрылған, 12-де Конституциялық кеңес бар, қалғандарында бұл қызметті Жоғарғы сот, жалпы сот пен басқа да органдар атқарады.  

Мәселден, Ауғанстанда – Ауған Ислам ресбуликасын қадағалау жөніндегі тәуелсіз орган бар. Атауына, моделіне қарамастан бұл органдардың алдына қойылған мақсат – конституцияны мемлекеттің басты заңы ретінде өмірге енуін қамтамасыз ету. Олардың жұмыс істеу тәсілдері де ұқсас. Ол Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру, Конститутциялық дауларды шешу, заңның, құқықтың қолдану тәжірибесін Конституциялық принциптерге сәйкестігін қарау. Осы тұрғыдан қарағанда Конституциялық сотты көп ел таңдаған және олардың басым бөлігі Еуропа, Латын Америка елдері. ТМД кеңістігіндегі елдердің барлығында да Конституциялық сот таңдалған,-деді сарапшы.

Оның айтуынша, Конституциялық сот ерекшелігі оның қоғамға жақындығында.

Оған азаматтардың, заңды тұлғалардың, ұйымдардың тікелей арыздана алу құқығы бар. Қазіргі Конституциялық кеңеске азаматтар тек жалпы соттар арқылы шағымдана алады. Яғни, ол азамат белгілі бір сотта болып жатқан процестің қатысушысы болу керек. Егер Конституциялық сот құратын болсақ азаматтар тікелей жүгінуге құқық алады,-деді Нұрмұханов.
 

Өзгелердің жаңалығы