Конституциялық Сотта азаматтардың мүдделерін білдіру үшін қандай құжаттар қажет

29 Қаңтар 2024, 21:30
528
Бөлісу:
Конституциялық Сотта азаматтардың мүдделерін білдіру үшін қандай құжаттар қажет
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Азаматтың атынан өтінішті тек өзі уәкілеттік берген адамдар ғана жібере алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар: заңды өкілдер, адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары, сондай-ақ заңмен, жарғымен немесе ережемен ұйым мүшелерінің немесе басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген осы ұйымдардың уәкілетті адамдары.

Заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжаттар:
- өкілдік ету лауазымы немесе заң бойынша жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, өкілдің өкілеттігі туралы құжаттар;
- егер өтінішті азаматтың атынан уәкілетті адамдар берсе, азаматтың жазбаша келісімі қажет.

Азаматтың атынан КС-ке өтініш жолдау, КС отырыстарына қатысу, конституциялық іс жүргізу құжаттары мен материалдарын сұрату кезінде оның мүдделерін білдіру құқығын растайтын тағы бір құжат заң талаптарына сәйкес нотариус ресімдейтін сенімхат болып табылады. Заңнамада жеке органдар мен адамдар куәландырған, нотариат куәландырғанға теңестірілген сенімхаттардың тізбесі көрсетілген (ҚР АК 167-бабының 3-тармағы).

Қазақстаннан тыс жерлерде ресімделген мүдделерді білдіру туралы сенімхат апостиль қою шартымен қабылдануы мүмкін. Бұл талап Кишинев конвенциясына қатысушы мемлекеттерде берілген сенімхаттарға қатысты емес.

Өзгелердің жаңалығы