Конституциялық сот жұмысын бастады

1 Қаңтар 2023, 14:10
838
Бөлісу:
Конституциялық сот жұмысын бастады

2022 жылдың маусым айында жалпыұлттық референдум өтіп, Ата заңның үштен бір бөлігі жаңарды. Сол сәттен елде ауқымды саяси өзгерістер басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Соның бір көрінісі – Конституциялық соттың құрылуы.Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары тағайындалды.  Бүгіннен бастап Конституциялық сот қызметіне кірісті.  

Мемлекет басшысы Конституциялық сот төрағасы лауазымына айрықша міндет жүктелетінін айтты. Жауапты қызметке Эльвира Азимованың кандидатурасын ұсынып, Сенат депутаттары білікті маманның  тағайындалуын бірауыздан қолдады. Президент әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті, қоғам осыны күтетінін баса айтты. 

Конституциялық Соттың құрылуы аса маңызды қадам болды. Бұл орган жаңа жылдан бастап жұмысқа кіріседі. Ол Ата заң нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. Конституциялық Сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіне зор үлес қосады деп сенемін. Сот реформасы жүзеге асырылып жатыр. Заң үстемдігі және қазылардың дербес әрі әділ болуы басты назарда, - деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Конституциялық соттың негізгі құрамы 11 адамнан жасақталды. Парламенттің әр палатасы үш кандидатын ұсынды. Басты артықшылық - Конституциялық сот ешбір билік тармағына немесе мемлекеттік мекемеге бағынбайды. Кез-келген азамат өзінің конституциялық құқығы бұзылған жағдайда оған жүгіне алады. Конституциялық соттың шешімі орындалуға міндетті және қайта қарауға жатпайды.  

Яғни Парламент болсын, президент болсын, жоғарғы сот болсын, олардың барлығынан жоғары тұратын сот. Егер президенттің өкілеттігі 7 жыл болса, Конст соттың өкілеттігі 8 жылға дейін ұзартылып отыр. Бұл алдағы уақытта кез-келген президенттің шешімі конституциялық баптарға сәйкес келмейтін болса, тіпті, президентке қатысты да шешімдер шығаруға құқығы бар. Сондықтан, бұндай институттың құрылуы еліміздегі жалпы адам құқықтары мәселесі бойынша жоғары заңдылықты сақтау үшін жасалып отырған қадам деп есептеймін, - дейді саясаттанушы Қазбек Майгельдинов.

Қазыбек Майгелдинов конституциялық соттың құрылуы адам құқығын қорғау мәселесіндегі адымды қадам деп есептейді. Бұл саяси реформалардың негізгі бөлігі. Және халық сұранысынан туындаған ауқымды өзгеріс

Өзгелердің жаңалығы