Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 24-бап

10 Мамыр 2022, 21:21
6578
Бөлісу:
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 24-бап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан азаматтарының еңбек ету бостандығын қамтамасыз ететін 24-бапқа да өзгеріс енгізіледі.

4 тармақтан тұратын еңбек туралы заңға 1999 жылы ҚР Конституциялық Кеңесінің №2/2 қаулысымен түсініктеме берілген болатын. 

Ал осы жолы 24-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда жазылатыны туралы жобада көрсетілді.

Коституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

Осы орайда оқырмандарымызды 5 маусым күні өзіңіз тұратын өңірдегі учаскелерде Конституциялық реформаны қолдау туралы референдумға қатысып, азаматтық таңдауыңызды жасауға шақырамыз. Бұл еліміз тарихындағы 27 жылдан кейін қайталанып тұрған айтулы шара екенін атап өткіміз келеді.

24-бап

Жаңа нұсқада: 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп тану туралы сот актісінің негізінде не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.».

Ескі нұсқада: 24-баптың 1-тармағы

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

Ескерту. 24-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10 N 2/2 қаулысымен.

Есретіңізге сала кетейік, бұған дейін Конституциялық реформада өзгертілген 4-бап пен 6-баптың және 15-бап пен 23-баптың қалай өзгергені жайлы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы