Конституцияға енген өзгерістерді түсіндіретін кітап шықты

17 Тамыз 2022, 12:26
1426
Бөлісу:
Конституцияға енген өзгерістерді түсіндіретін кітап шықты

Бұл жайында заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдрасілов ​​ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Конституция күніне орай арнайы кітап жазып шығардық. Жаздың 2 айында сарапшылармен бірлесіп осы кітапты әзірледік. Бұл кітаптың мақсаты – түсіндіру. Конституцияның баптары өте қысқа жазылады. Оны заңгерлердің өздері бірден түсініп кетпейді. Сол үшін халыққа, мемлекеттік орган қызметкерлеріне, шенеуніктер оқитын түсіндірме  керек. Конституцияның маңызын, күшіне енгенге дейін де білу керек. Сондықтан енгізілген өзгерістерге түсіндірме беру маңызды деп ойлаймын, – деді ол. 

Оның айтуынша, Жаңа Қазақстанды құрып, әрі қарай жұмыс істеу үшін заңдардың қабылданғанын күтпей, олардағы өзгерісті қазірден бастап пайдалану керек. 

Көп шенеунік заңдардың әдістемесін, құралдарын күтіп отырады. Олар алдымен барлық тәртіпті, өзгерісті білуі керек. Сондықтан барлық өзгерістер осы кітапта көрсетілді. Әрине, кейін де біраз түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Алайда бұл тұңғыш түсіндірме кітап деп айтуға болады, – деді Ермек Әбдрасілов.

Өзгелердің жаңалығы