Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Конституцияда меншік пен адам құқықтары туралы норма күшейтілмек

Аида БАТУХАН
Бүгiн, 16:26
137
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа жобадағы 8 бапқа өзгеріс енгізілу туралы ұсыныс түсіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған баптың 1- тармағы жаңа редакциялық нұсқада ұсынылады.

Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады,- деп ұсынылады.

Сондай-ақ көптеген азаматтар аталған баптың екінші тармағындағы норманы күшейтуді ұсынуда.

Адам құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының Заңнамасының мазмұны мен қолданылуын айқындайды деп қосуды сұрайды,-дейді ол.

Төраға сөзінше, аталған құндылықтар заң шығарушы, құқық қолдану субьектілеріне өздеріне жүктелген өкілеттілікті жүзеге асыру кезінде басты бағдар болуға тиіс. Осындай ұсыныстарды ескеріп, бұл тармақтың редакциясын ұсынды.

Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі.Олар абсолютті және одан ешкім айыра алмайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады,-дейді төраға.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Азат Перуашев Конституцияда меншіктің барлық түрін тең қорғауды ұсынған еді.

Өзгелердің жаңалығы