Конституция – халық пен биліктің өзара іс-қимыл принциптерін белгілеп берді – сарапшы

29 Тамыз 2020, 10:26
1525
Бөлісу:
Конституция – халық пен биліктің өзара іс-қимыл принциптерін белгілеп берді – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Лидия Пархомчик 1995 жылдың 30 тамызы Қазақстанның жаңа тарихындағы тарихи кезең болғанын айтты. 

Оның айтуынша, дәл осы күні қазақстандықтар демократияны дамыту жолында өз таңдауын растады. 

Конституция – тәуелсіз мемлекеттің атрибуты ғана емес. Негізгі Заңның ережелері қоғамдық-саяси тұрақтылық пен жалпыұлттық келісімнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ол халықты азаматтық сәйкестендірудің іргелі негізі ретінде әрекет етеді. 25 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы конституциялық құрылыстың идеялық шабыт берушісі бола отырып, елде құқықтық жаңғыртуды ұсынды. Жаңа Конституция мәтінімен жұмыс жасау оңайға соққан жоқ. Бұл жолда халықаралық озық тәжірибені зерделеп қана қоймай, қазақстандық болмысты ескеріп, перспективаларды нақты көру қажет болды, - дейді ол. 

Сарапшы тынымсыз жұмыс нәтижесінде мемлекеттің саяси бағдарламасы құрылып, экономикалық және әлеуметтік саяси дамудың негізгі бағыттары анықталғанын жеткізді. Оның пікірінше, Конституция Қазақстан мемлекеттілігінің идеологиялық негіздерін бекітіп, халық пен биліктің өзара іс-қимыл принциптерін белгіледі.

Республика басшылығының конституциялық саясатының негізінде әрқашан әлеуметтік теңсіздікті жою, жұмыспен қамтуды қолдау, экономикалық белсенділікті ынталандыру және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайының жоғары деңгейін қамтамасыз ету мәселелері жоғары тұрды. Бұл басымдықтар Сovid-2019 пандемиясымен күрес кезеңінде ерекше өзекті саналған «еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға кепілдік береді. Осылайша, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі Елбасының стратегиялық көзқарасы шеңберінде белгіленген қағидаттарда жатыр деп қорытынды жасауға болады. Саяси бағыттың сабақтастығы Қазақстанның демократиялық таңдауының тарихи дұрыстығын айқын дәлелдейді, - дейді сарапшы Пархомчик.

Өзгелердің жаңалығы