Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституциялық Кеңес 2020 жылғы 15 сәуірде Парламент сенаты төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Бұл туралы ҚР Конституциялық кеңестің баспасөз қызметі хабарлады.
Өтініште норма шығармашылық процеске, атап айтқанда, заңдарды және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді реттеу затын ажыратуға, қатысты мәселелер қойылады. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Кеңестің отырысына материалдар дайындау бойынша жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Парламент сенаты төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабын түсіндіріп беруді сұраған болатын.