Астана, BAQ.KZ. Ахмед Абдирзак ирландиялық аралас жекпе-жек (ММА) спортшысы Конор Макгрегорды сотқа берді. Бұл туралы ESPN жазды.
Макгрегор оның телефонын сындырған. Енді ол 15 мың доллар өндіріп алмақ. Абдирзак спортшыны шабуыл жасады, моральдық тұрғыдан әдейі шығын келтірді деп айыптады. Макгрегордың қорғаушысы бұған «тез ақша табудың» жолы деген пікір білдірді.
Жағдай 12 наурыз күні Майамиде (АҚШ, Флорида) болған. Абдирзак Макгрегорды суретке түсірейін деп жатқанда, ирландиялық оның телефонын жұлып алып, лақтырған. Кейін полиция Макгрегорды қамауға алды. Ол кепілге ақша төлеп, бостандыққа шықты.
Макгрегор — UFC бұрынғы чемпионы. Ол екі салмақ бойынша белбеу иемденген.