Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық конькиші Калгариде өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті

18 Наурыз 2019, 11:57
2641
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Канаданың Калгари қаласында өткен конькимен жүгіруден халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Айдова еліміздің жаңа рекордын орнатты, деп хабарлады Olympic.kz. 

Ол 1500 метрді 1.53.53 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, турнир жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, осы қашықтықтағы ел рекордын жаңартты. Ұйымдастырушылар ең үздік шетелдік спортшыға берілетін сыйлықты да Екатерина Айдоваға табыстады.

Еске сала кетейік, Екатерина Айдова 3000 метрге жарысудан екінші орын алған болатын. 

Масс-старт бәсекесінде қазақстандық Демьян Гаврилов бірінші орыннан көрінді. 

1500 метрге жарысқан қазақстандық спортшылардың нәтижесі бойынша Александр Кленко 8-ші, Демьян Гаврилов 11-ші, Дмитрий Морозов 14-ші, Виталий Щиголев 16-шы және Иван Аржаников 25-ші орынды иеленді. 

Өзгелердің жаңалығы