Конькимен жүгіруден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Ел намысын үш спортшы қорғады.

 ҰОК Бүгiн 2026, 18:44
Бүгiн 2026, 18:44
100
Фото: ҰОК

Қазақстанның әйелдер құрамасы конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық спортшылар командалық спринтте жеңіске жетті. Отандастарымыз 1:28.77 уақытта мәреге жетті.

Бұл сында ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.

Польша құрамасы 1:28.94 уақыт нәтижесімен күміс жүлдеге ие болса, Канада 1:29.25 уақыт көрсеткішімен үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында чемпион атанып, 3000 метрде күміс жүлде жеңіп алған еді. Сондай-ақ ол кіші көпсайыста да топ жарды.

Наверх