Эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова жақында тойда болған жағдайды баяндап беріп, қандай ой түйгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жазира Байырбекова көп жылдан кейін балалы болған отбасының қуанышына барғанын айтты. Бірақ сол жерде болған жайт оның көңіліне кірбің ұялатқан.
Қонақтар күйеуіне рахмет айтып, әйеліңді "тумадың деп" тастап кетпей шыдадың деп арқасынан қағып жатыр. Әйелінің жанарында мұң. Шыдай алмай оңаша шақырып, әйелімен сырластым. Ұзақ уақыт бала болмағаны күйеуінің денсаулығына байланысты, оны туған-туысы білмейтінін, әйелден көріп, әйеліне талай сөз тигенін айтты, - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Сөзінше, біздің қоғамда ер адамның балалы болуға мүмкіндігі болмағанын, ер адамы қол жұмсайтынын қазақ әйелдері ғана жасырады. Бұл біздің қоғамның "ерін сыйлайды" деген жақсы жағы ма, әлде "әйелдің көңілі көк тиын" деген жаман жағы ма? деп атап өтті Жазира.
Неге? Ер адамның балалы болуға мүмкіндігі болмағанын, ер адам табыс таппайтынын, ер адамы қол жұмсайтынын, ер адамы үйінде миын жеп мазасын алатынын, ер адам әйелдің де табысын алып қоятынын, бәәәрін қазақ әйелдері, қазақ қыздары ғана жасырады? Бұл біздің қоғамның "ерін сыйлайды" деген жақсы жағы ма әлде "әйелдің көңілі көк тиын " деген жаман жағы ма?, - деді әнші.
Өнер иесі адамгершілігі мол, бар жауапкершілікті өз мойнына алып, әйелінің кемшілігін жасырып жүрген ер азаматтар да жоқ емес екенін айтты.
Бірақ біздің қоғамда өте аз, - деп түйіндеді Байырбекова.