"Көңілден шықпай отыр": Комитеттің жұмысы депутаттың сынына ұшырады

12 Ақпан 2024, 11:25
643
Бөлісу:
"Көңілден шықпай отыр": Комитеттің жұмысы депутаттың сынына ұшырады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин Орман шаруашылығы комитетінің жұмысын сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орман заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Орман шаруашылығы комитетінің жұмысы да көңілден шықпай отыр. Соңғы 2 жылда табиғатты қорғау мекемелерінің объектілерінде 80-нен астам тексеру жоспарланғанымен, тек біреуіне ғана тексеру жүргізілген. Басқаша айтқанда, комитет республика өңірлеріндегі нақты ахуалдан және нақты мәселелерден хабарсыз деуге болады, - деді депутат.

Жаңбыршиннің айтуына қарағанда, бұл кешенді тексеру жоспарларын жасау кезінде комитет басшылығының өзекті әрі маңызды мәселелерді ескермейтінін және осы салада болып жатқан жағдайдан бейхабар екенін көрсетіп отыр.

Бұған дейін депутат орман өрті салдарынан соңғы екі жылда мемлекетке қанша теңге шығын келгені жайлы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы