Конгода су тасқынынан 100-ден астам адам көз жұмды

14 Желтоқсан 2022, 20:48
993
Бөлісу:
Конгода су тасқынынан 100-ден астам адам көз жұмды

Конго демократиялық республикасының астанасы Киншасада су тасып, лай көшті. Соның салдарынан 100-ден аса адам опат болды. Тағы ондаған кісі жарақат алды. Шаһардың көп ауданын су басып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды.

Матади портымен байланыстыратын тасжолдың кей бөлігін су шайып кеткен. Билік қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін айтады. Қазір іздестіру-құтқару шаралары басталды. Тұрғындар адам шығынының көп болуына инфрақұрылымның нашарлығы себеп деп, үкіметті айыптап отыр. 

Үкімет өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмай отыр. Жолды су шайып кету қаупі бар екені бұрыннан айтылып келеді. Біз бұл туралы билікке талай ескерттік. Енді міне соның салдарын көріп отырмыз, - дейді жергілікті тұрғындар.

Өзгелердің жаңалығы